Павлодар облысында оқушыны зорлаған адам 17 жылға сотталды
988
Павлодар облысында мектеп оқушысын зорлаған адам ұзақ жылға сотталды. Айыпталушы жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Бұл туралы Politico.kz агенттігі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімет бойынша, бүгін жабық сот отырысында кәмелетке толмаған жәбірленушіге зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
«Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ, жәбірленушімен жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Сондықтан оның әрекетін онша ауыр емес бапқа – қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлімі, атап айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас ретінде қайта саралауды сұрады», – делінген хабарламада.Жауапкердің кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
«Екі аса ауыр қылмыстың жасалғанын ескере отырып, сот түпкілікті 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ қылмыскер өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – дейді баспасөз орталығында.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: istockphoto.com
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
15:36
Санжар Боқаевты аяқасты Астанаға алып кетті: ад...
18.09.2026
15:25
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ережесі м...
18.09.2026
14:09
«Рахаттанып қайттым»: Мақпал Жүнісова Баян Алаг...
18.09.2026
13:40
Сот басшысының қазасы: Ведомство жұмыстағы қысы...
18.09.2026
13:23
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляциялық сот қаш...
18.09.2026
13:02
Қазақстанда ІІМ қызметкерлерінің санын көбейтуг...