Полиция көпірден секірген ер адамды құтқару сәтінің видеосын жариялады
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен ер адамды құтқарып қалды. Тәртіп сақшылары құтқару сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Polisia.kz мәліметінше, 18 қыркүйекте түнгі сағат 02:00 шамасында Атырау қаласындағы орталық көпірден белгісіз ер адам секірген. Мұны байқаған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арман Қарабалиев пен Меллат Абужанов тұрғынды дереу құтқаруға кірісті.
Арман Қарабалиев құтқару жилетін киіп, суға батып бара жатқан ер адамға қарай жүзген. Кейін азаматты жағаға шығару үшін Меллат Абужанов көмекке келген.
Есінен танып қалған ер адамға тәртіп сақшылары алғашқы медициналық көмек көрсетті.
"Суға секірген адамды естіген бойда уақыттың санаулы екенін түсіндік. Бастысы адамды құтқару болды. Дәл осы көпірде 2019 жылы суға секірген әйел адамды құтқарып әріптесіміз Шалқар Ақымғалиев дүниеден өткен еді. Есіме сол оқиға оралды. Бірақ 2019 жылдан бері де бірнеше рет осы көпірден секірмек болған азаматтар құтқарылды", - деді полиция аға лейтенанты Арман Қарабалиев.www.kaz.tengrinews.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
02.02.2025
18:12
Алтынай Жорабаева арықтағанын айтып мақтанды
02.02.2025
16:57
«Қазақ жауынгері» Азия чемпионы атанды
02.02.2025
15:37
Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады
02.02.2025
13:50
"Жамандыққа қимаймын". Ләйлә Сұлтанқызы Алмас К...
02.02.2025
12:35
Мөлдір Әуелбекова барша орамал таққан қыздарды ...
02.02.2025
11:12
Күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны ө...