«Продюсер құдай, әртіс құл болуға айналды»: Меруерт Түсіпбаева әріптесін жақтады
1109
Әнші Ақбота Керімбекова ұлттық арнадағы түсірілім кезінде болған жағдайға ашуланып, жоба продюсері Динара Адамның өзіне дөрекі сөйлегенін жазған болатын. Одан кейін әріптесі Меруерт Түсіпбаева әншіге қолдау білдірді.
Бұл ретте ол Ақбота Керімбекованың айтқанына қосылып, кейбір продюсерлерді сынға алды.
Ақбота үндеу жасаған екен. Өте дұрыс. Шын мәнінде, кейбір продюсерлер құдай, әртіс құл болуға айналды. Ол біздің мемлекетте де бар. Тендерге де қатысты. Айтылмай жүрген шындық. Барлық жоба мен шоуларға қатысқан әншілерге гонорар төленсе деймін. Ресейде эксперт болып отырған адамның гонорарын төлейді. Оны ешкім танымайды. Бірақ қатысқаны үшін қаламақысын алады. Біздің елде ондай жоқ. Сондықтан Ақботаның сөзі рас. Оған қосыламын. Жағдай өзгерсе дейміз, – деді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
21:29
Тамаққа 49 мың құмырсқа қосқан мейрамхана айыпп...
18.09.2026
21:17
"Ағзам сау, бірақ тірі өлікпін". Дана Нұржігіт ...
18.09.2026
20:57
Дана Нұржігіт: Екінші рет тұрмысқа шыққаным – ө...
18.09.2026
20:53
Мәскеу–Астана рейсінде мас жолаушы шу шығарып, ...
18.09.2026
20:37
Танымал блогер экс-жігітінің өзіне қол көтерген...
18.09.2026
20:05
Бота Миа: Бір Reels түсіруге 1 млн теңгеге дейі...