Протезді көрсетпеу үшін ұзын белдемше киіп шықтым – Тамара Асар

29.10.2024
16:51
0
733
Танымал өнер иесі Тамара Асар сахнаға киіп шыққан көйлектері және аяғына киген протезі туралы айтып берді.
“Мына сәукелемнің аты бар. Оны "Әйел әлемі" деп атадым. Жақындап қарасаңыз, әйелдің бейнесі суреттелгенін байқауға болады. Әйелдің көйлегінің етегі осылай жерге табан тіреп, нық тұруы керек. Жанында қорғаны болуы керек деп шетін осылай көмкердім. Осы баскиімді өзімше осылай ырымдап сахнаға алып шыққанмын", – деді әнші.
Өнер иесі аяғына киген протездердің ауыр болғанын атап өтті.
“Мына қызыл белдемше мен үшін өте ерекше. Ұзақ уақыт қиындықтан кейін алғаш рет сахнаға шыққанда осы қызыл белдемшені киіп шыққанмын. Әлі есімде, бірінші рет аяғымдағы протезбен сахнаға шыққан едім. Ол кезде протезім өте қалың, ауыр еді. Екі аяғым екітүрлі боп тұратын. Кеңес Одағының кезінде протез тері мен ағаштан жасалатын ғой, содан салмағы ауыр болатын. Соны көрсетпеу үшін осындай ұзын қызыл белдемше киіп сахнаға шықтым", – деді өнер иесі. ф
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.07.2025
18:13
Тұрсынбектің әйелі: "Бұл жай ғана өнер..."

18.07.2025
17:58
Алагөзов өгей қызына қымбат сыйлық жасады

18.07.2025
17:26
«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы кел...

18.07.2025
17:00
«Есімін де таңдап қойғанбыз»: Елдос Колобок бал...

18.07.2025
16:58
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат сотталды

18.07.2025
16:07
2026 жылдан бастап Салық кодексіне бірқатар өзг...