Қасым, Жомарт, Кемел: Түркістан облысында үшем дүниеге келді

27.08.2024
17:30
0
240
Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды.
Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы.
Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы – жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған.
Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық, – деді үшемнің анасы.Нәрестелердің салмағы – 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм. Үшемнің ата-анасының 7 қызы бар. Қазіргі уақытта қыздары інілері мен сіңлісімен қауышатын күнді асыға күтуде. Сәбилердің ата-анасы №1 Перинаталдық орталығының дәрігерлеріне алғыстарын білдірді. Фото: дереккөз
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

01.07.2025
20:53
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген де өнерге бет...

01.07.2025
20:04
Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әл...

01.07.2025
19:59
Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

01.07.2025
17:48
«Әжелер сияқты»: Тәуекел Мүсілімнің жұбайы сынғ...

01.07.2025
17:23
Аты аңызға айналған дипломат Генри Киссинджер Т...

01.07.2025
17:21
Германияда енесінің қолынан қатігездікпен өлген...