Қостанай облысында күйеуімен жанжалдасқан әйел орманға барып адасып кеткен
1397
Қостанай облысында әйел адам күйеуімен ренжісіп қалғаннан кейін орманға барып, адасып кеткен. Оны құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер жаппай іздеген, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін түнде Әулиекөл ауданы Бағаналы ауылының маңында құтқарушылар жоғалған әйелді іздеуге кірісті. Күйеуімен болған жанжалдан кейін 1981 жылғы әйел адам орманға кетіп, адасып кетті, – делінген облыстық ТЖД хабарламада.Жоғалған адамды ТЖД, полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер іздеді. Құтқарушылар іздеу иттерін тартты, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақты пайдаланды.
Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты, – деп атап өтті ведомство.Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет емес екендігі атап өтілді. Фото: Мейірбек Тажкуранов
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...
26.09.2026
11:27
Қазақстан чемпионатының жүлдегері еді: Ақтауда ...
26.09.2026
10:36
Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Маңғыстау обл...