Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әлем чемпионы атанды
Тбилиси қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді, деп хабарлайды Politico.kz.
52 келіге дейінгі салмақта J1 санатында сынға түскен Альфия Тілекқабыл финалда Бразилия өкілі Де Андрадемен белдесіп, қарсыласын иппон әдісімен жеңді. Осылайша, отандасымыз әлем чемпионы атанды.
Қазақстан қоржынына ерлер арасында тағы екі жүлде түсті. Асылан Нурдаулетов күміс медаль иеленсе, Ибрагим Нурмаханұлы жарыстың қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы күнін бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...