Ресейде жағдай қиындады

08.04.2024
22:23
0
194
Ресей денсаулық сақтау министрлігі 7 сәуірде Орынбор облысы Ор қаласында су тасқынынан ондаған адам зардап шеккенін, бірнешеуі ауруханаға түскенін хабарлады.
"Ор қаласындағы жағдайға байланысты 99 адам медициналық көмекке жүгінді, оның 18-і — бала, 6 ересек адам мен 3 бала ауруханаға жатқызылды, олардың денсаулығына қауіп жоқ. Қалғандарына да көмек көрсетілді" деді Ресей денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов. Оның сөзін ТАСС агенттігі жариялады.
Бұған дейін Ресей билігі су басқан Ор қаласында 4 адам мерт болғанын хабарлаған, бірақ олардың ешбірінің ажалы судан болмаған деп мәлімдеді. "Екеуі жүрек талмасынан, біреуі өз ажалынан қайтыс болған, тағы біреуі өзіне өзі қол салған" деп хабарлады қала әкімдігіне сілтеген РИА "Новости" сайты.
Орынборда да жағдай қиындай түсті, жергілікті билік бірнеше көше мен аллеяны жауып, қауіпті аймақтағы тұрғындарды өз еркімен үйінен кетуге үндеуді.
Ор қаласындағы кейбір ауданында су үйдің бірінші қабатының терезесіне дейін жеткен, адамдар қалада қайық мініп жүр. Тасқын салдарынан Ор қаласындағы барлық мектеп қашықтан оқуға көшкен. Мұнай өңдеу зауыты да тасқынға байланысты жұмысын тоқтатты деп хабарлады "Орскнефтеоргсинтез" компаниясының баспасөз қызметі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.07.2025
18:13
Тұрсынбектің әйелі: "Бұл жай ғана өнер..."

18.07.2025
17:58
Алагөзов өгей қызына қымбат сыйлық жасады

18.07.2025
17:26
«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы кел...

18.07.2025
17:00
«Есімін де таңдап қойғанбыз»: Елдос Колобок бал...

18.07.2025
16:58
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат сотталды

18.07.2025
16:07
2026 жылдан бастап Салық кодексіне бірқатар өзг...