Өскеменде пара алған полицей 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді

20.04.2024
13:29
0
109
Өскемен қаласында пара алған полиция қызметкері 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді.
Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицей айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді. Істі жеңілдететін мән-жай ретінде оның қарауында кәмелетке толмаған балаларының бары да ескерілді.
«Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.07.2025
18:13
Тұрсынбектің әйелі: "Бұл жай ғана өнер..."

18.07.2025
17:58
Алагөзов өгей қызына қымбат сыйлық жасады

18.07.2025
17:26
«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы кел...

18.07.2025
17:00
«Есімін де таңдап қойғанбыз»: Елдос Колобок бал...

18.07.2025
16:58
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат сотталды

18.07.2025
16:07
2026 жылдан бастап Салық кодексіне бірқатар өзг...