Словакияның Жилина қаласында қазақ мәдениетінің күні өтті

0
62

Жилина қаласының әкімдігі мен Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа бірге қарсымыз» ұранымен өткен іс-шара екі ел халқының қазіргі әлемдегі зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұрудағы достығы мен бірлігін білдіреді.

Словакия жұртшылығы домбыра, қобыз, шерте мен жетігеннің үнін жоғары бағалап, музыканттардың өнерін ұзақ қол соғып қарсы алды. Концерттен түскен қаржы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударылады.

 


ПІКІР ЖАЗУ