Стамбұлға бет алған ұшақтың пилоты әуеде көз жұмды

0
557

Сиэтлден Стамбұлға бет алған ұшақта қайғылы жағдай орын алды. 

Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Марқұм 59 жаста болған. 2007 жылдан бері Turkish Airlines компаниясында жұмыс істеген. Осы жылдың наурыз айында ұшқыш жыл сайынғы міндетті медициналық тексеруден өткен. Әуе компаниясының өкілі марқұм капитанның отбасына, оның әріптестері мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ Нью-Йоркке шұғыл қонған ұшақтағы жолаушылар бастапқы бағытына жеткізілетіні хабарланды.

Кілтсөздер:ұшақұшқыш


ПІКІР ЖАЗУ