«Үйде ешкім жоғын пайдаланған». Алматыда ер адам 11 жастағы қызды зорлады

0
488

Алматыда мас ер адам күндіз бір үйге кіріп, 11 жастағы қызды зорлады.

Қыздың анасының айтуынша, ол кезде өзі жұмыста, ал үлкен қызы мектепте болған. Екінші ауысымда оқитын кіші қызы үйде жалғыз қалған. Ер адам үйге кіріп, киімін шешіп, қызды тұншықтырып, зорлық көрсеткен. Ол оқиға болғаннан кейін қызға анасын өлтіремін деп қорқытып, ешкімге айтпауды талап еткен.

Қызым маған қоңырау шалып, белгісіз ер адамның үйге кіргенін айтты. Ол аузын жауып, еденге құлатып, шешіндіріп, зорлық көрсетіпті. Соңында ешқандай реніш болмасын деп қолын сүйіп кеткен, – деп айтып берді анасы.

Әйелдің айтуынша, ол бұл ер адамды танымайды. Олар уақытша баспанаға екі апта бұрын көшіп келген. Әйел ажырасқан және екі қызымен бірге тұрады. Мектеп оқушысының әкесі полиция қызметкерлері қызға күдіктінің суретін көрсеткенін және қыз оны бірден танығанын айтты. Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған ер адам 38 жаста,

Оның бөтен үйге есіктің ашық тұрғанын пайдаланып кіргені анықталды. Қыз үйде жалғыз болғандықтан, қарсылық көрсете алмаған. Тергеу-оперативтік топ оқиға орнына барып, қажетті тергеу шараларын жүргізіп, дәлелдерді жинақтады және сараптамалар тағайындалды,  деп хабарлады полиция.

Ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.



ПІКІР ЖАЗУ