Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі мен Айтбек Амангелді үндеу жасады

0
872

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі мен қорғаушысы Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады.

Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуіміз 14 қазан күіні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын айтқымыз келеді. Митинг болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Экспертизалар жасалады. Бұл ереуіл тергеу амалдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұл пайдасыз әрекет, — деді Айтбек Амангелді.

Шерзаттың әкесі тек қана әділ сот талап ететін алға тартты.

14 қазан күні ешқандай митинг, қан төгіс болмайды. Менің мақсатым баламның өліміне қатысты әділетті сот шешіміне қол жеткізу. Адамдар келіп, тергеу жүріп жатыр. Қорғаушылар, марқұм Салтанаттың бауыры да бар. Бір-бірмізге қолдау көрсетіп жатырмыз. Халықтың қолдауына алғыс айтамын. Бірақ қан төгудің қажеті жоқ. Қан төгіспен еш нәрсе шешілмейді. Мен балам үшін әділ сот талап етемін. Соңына дейін барамын, — деді Шерзаттың әкесі.

Айта кетейік, кеше түнде Талғарда қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен.

Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.


ПІКІР ЖАЗУ