Тамара Асар өзін түнде мазалайтын оқырманға ескерту жасады

18.09.2024
09:17
0
482
Танымал әнші Тамара Асар өзін беймезгіл уақытта мазалап, жеке телефонына хабарласатын оқырмандарына ренішін жеткізді.
Бұл ретте ол оқырманының түнгі 23:00 шамасында жеке нөмеріне хабарлама жазғанына ашуланып қалған.
Өзің танымайтын белгілі адамның нөмірін тарату, оған мезгілсіз уақытта жазу – әдепсіздік. Заң жүзінде тәртіп бұзумен тең. Әлеуметтік желіде көмекшілерімнің нөмірі бар. Сол кісілерге хабарласа аласыздар. Туысқан мен жақындарымның өзі сұрауларын жүйелі түрде жеткізеді. Жастан да, жас еместен де сыйластық пен сауаттылықты талап етейік. Ал Алланың атын жамылып, хәл үстінде жатқан адамның жағдайын пайдаланып, түнде, таңда жазуға рұқсат жоқ, – деп жазды әнші.Сонымен қатар ол репертуарындағы әндерді орындауға ниет білдірген тыңдармандарына да құлаққағыс жасады.
Өзіңізге ұнаған менің орындауымдағы кез келген әнді жеке кәдеңізде қайталап, орындауыңызға болады. Бірақ дәл музыкасына өз даусыңызды жазып алып, әлеуметтік желіге таратуға, платформаларға жүктеуге қарсымын, – деді Тамара Асар.Фото: zelengarden.ru
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

09.07.2025
16:33
“Мені тергеу изоляторында ұрды”: Перизат Қайрат...

09.07.2025
16:30
"Мәскеуді тозаққа айналдырамын": Трамптың жасыр...

09.07.2025
15:53
«11 жыл күткен бөпе»: Тамара Асар қуанышты жаңа...

09.07.2025
15:24
Астанада жігіт анасы екеуі қызды ұрып-соғып, к...

09.07.2025
14:43
"Бұл орындалу керек заңдылық": Қапшағайдағы қай...

09.07.2025
14:32
Жас жігіттің мүгедек әкесіне жасаған сұмдығы ел...