«Тек қазақтар ғана жазды»: Дулат Исабеков биліктен кеткен тұңғыш президентті сынағандарға реніш білдірді

0
151

Отандық жазушы Дулат Исабеков тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кеткен соң сынай бастағандарға шамданды. Ол Kultobe Podcast жобасына берген сұқбатында тұңғыш президентті бір кездері мақтап, кейіннен даттап жүргендерді «екіжүздіге» теңеді,-деп хабарлайды politico.kz

Әңгіме барысында Дулат Исабеков тұңғыш президентке қатысты пікірін тосылмай жеткізді.

«Мен ол кісі туралы бір пікірдемін. Өтті, кетті. Сол кезде поэма жазған адамдар енді соны сынай бастады. Демек адамның екіжүзділігі деген осы. Мен сол кезде мақтап, ешқандай пікір айтқан емеспін. Алдында болғанда «Жарайды, жақсы, тілектеспіз, мына тірлігіңіз дұрыс сияқты» дейсің. Жолыққанда басқа не дейсің?» – деді жазушы. Драматург бұрындары Назарбаевқа поэма жазып, қазір даттап жүргендердің әрекетін «қасиетсіздікке» балады. «Ал көзі тірі кезінде поэма жазып, кейін жалт етіп бұлай шыға келу – адамның қасиетсіздігі, екіжүзділігі. Әсіресе, ақындарға ренішім бар. Биліктегі тоталитаризмнің көбін ақындар жасаған екен. Қазір Сталиннің кезіндегі өлеңдердің көбі есіме түседі, жатқа білемін. Ал орыс ақындарының біреуі Сталин туралы өлең жазған жоқ. Тек қазақтар ғана жазды», – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ