Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты
03.07.2025 17:48
0
188
Фото: Видеодан скрин

Вайнер әрі әзілкеш Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты. Бұл туралы видео оның Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кадрларда Шерниязовтың қолында сөмкесімен ғимараттан шыққаны, оны достары мен әріптестері қарсы алғаны көрсетілген. Кейін видеода оның мешітке барғаны да көрсетілген.

Алайда Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шыққаны туралы ақпарат әзірге белгісіз. Видеода ол Шерниязовпен бірге көрінбейді.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Мейірхан Шерниязовтың жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Бұған дейін Мейіржан Төребаевқа да осындай шешім шыққан.

2023 жылдың маусым айында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оны басқарды деп танылып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бұл іс бойынша басқа фигуранттар 8 жылдан 14 жылға дейін жаза алды.

Келтірілген жалпы шығын көлемі – 814 миллион теңге, оған қоса 8 миллион теңге мемлекеттік баж төленуі тиіс. Үкім 2024 жылдың 1 ақпанында күшіне енген.

Қазан айының соңында Төребаев пен Шерниязов Павлодар колониясынан Алматы қаласына, тұрғылықты жері бойынша этаппен ауыстырылғаны белгілі болды. Бұл ҚАЖК (Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті) тарапынан Алматыдағы мекемеде ұсталушылар санының артуымен түсіндірілді.

Желтоқсан айының басында ҚАЖК бұл екі вайнердің жұмыспен қамтылғанын хабарлаған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий