«Томирис патшайымды» мектепке шақырған директор жұмыстан қуылды
1045
Жамбыл облысы Тереңөзек ауылында өзін Томирис деп атайтын Гүлсара Көпбаеваны мектепке шақырып, іс-шара өткізген директор мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте өтетін іс-шаралардың бәріне бірінші кезекте директор жауапты екенін айта келе, оның тәрбие жөніндегі орынбасарына қатысты қабылданған шараның қайта зерттелетінін айтты.
«Бүгінде мектеп басшысы жазаланып отыр. Ал, енді өткен шаралардың тәрбие жұмыстарына байланысты болғанына орай тәрбие жөніндегі орынбасарына қабылданған шешімнің дұрыстығын анықтау үшін тапсырма бердім. Біз кез-келген мықты, тәжірибелі мамандарды бағалауымыз керек. Егер расында бұл жағдайға тікелей қатысы бар болса, заң алдында жауапкершілікті мойнына алуы керек. Бірақ біз мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарына қатысты мәселені зерделеп көреміз», - деді министр.
Еске салайық, жуырда Жамбыл облысында мектепке барған «Томирис патшайымға» қатысты ақпаратқа ел назарын аударған едік. Алдымен бұл адамның етегін оқушылар көтеріп жүргенін, кейін, мектеп мұғалімдері емшіні шақыру үшін 4000 мың теңгеден ақша жинағанын жаздық. Мәселе министрге дейін жетіп, тексеру жүрген болатын.
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
20:57
Дана Нұржігіт: Екінші рет тұрмысқа шыққаным – ө...
18.09.2026
20:53
Мәскеу–Астана рейсінде мас жолаушы шу шығарып, ...
18.09.2026
20:37
Танымал блогер экс-жігітінің өзіне қол көтерген...
18.09.2026
20:05
Бота Миа: Бір Reels түсіруге 1 млн теңгеге дейі...
18.09.2026
20:00
“40 минут күттім!”: Көкшетауда көлік тұрағына ...
18.09.2026
19:10
«Мүмкін, клоун келген шығар»: «Астана» мен «Қай...