Тоқаев: «Көп тұтынсаң – көп төлейсің»
416
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ифрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.
Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс. Қазір энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс.
Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе. Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс. Заңнамаға әлеуметтік маңызы бар қызметтер деген ұғым енгізілуі керек. Оны мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сияқты реттеген жөн, - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
12:40
Жамбыл облысында полиция майоры ұсталды
15.09.2026
12:15
"Қобалжып жүрмін": Дана Нұржігіт жаңалығы барын...
15.09.2026
12:04
Сәбидің өлімін көршілер чатынан білген: Астанад...
15.09.2026
12:03
«Үш баланың анасы»: АҚШ-та қазақстандық әйелдің...
15.09.2026
11:32
"Төрт баласы бар еркекпен жүріс жасап...": Жази...
15.09.2026
10:59
Бұрынғы мәдениет министрі Асхат Оралов жаңа қыз...