Төреғалидың қарындасы халықтан 46 млн теңге жинағанын жария етті

12.07.2024
10:50
0
256
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жақынының еміне оқырманынан бір тәулікте 46 млн теңге қаражат жинап алды, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Төреғали Төреәлінің қарындасы жақыны ауыр дертке шалдығып, оған тез арада ота жасау керек деген. Блогер Instagram-дағы парақшасында көпшілікті көмекке шақырды. Фариза Төреәлі 7 күнде 40 млн теңге жинау керек екенін жеткізді.
Блогердің парақшасындағы оқырмандардың белсенділігі сонша, сағат сайын жиналған ақшаның саны арта түсті. Осылайша, ол емге қажет болған 40 млн теңгені асырып, небары бір тәулікте 46 млн теңге жинап алған.
«Осымен ақша жинау тоқтады. Бір тәулікте – 46 млн теңге. Артығын емге жұмсайды. Қазір химия алып жатыр. Барлығы қымбаттап кеткен. Баршаңызға алғыс. Бір күнге жеткізбей, бір адамның әрі қарай өмір сүруіне себепші болып жатырсыздар. Алла Тағала мұны сіздерге екі еселеп қайтарады», - деп жазды Фариза Төреәлі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...

02.07.2025
17:55
Гүлзира Айдарбекова: Қайратты 6 мың халық күтіп...

02.07.2025
17:38
Иттер талаған 10 жастағы баланың жағдайы белгіл...