УТИЛЬСБОР:Дамыған мемлекеттердің үлгісін қолдану парыз

08.07.2024
12:16
0
189
Көпшілік Утильсбордың не екенін білмесе, әйтеуір қарсы шығып жатыр. Утильсбордың кемшіліктері бар да шығар, алайда Утильсбор - ол мемлекетке салық. Сондықтан Утильсбордың арзандауын қолдаймын, бірақ толық алып тастауына қарсымын,-деп хабарлайды politico.kz
Зайырлы мемлекетте салық мәдениеті болады, масылдыққа бой алдыруға болмайды деп ойлаймын. Отандық автоөндірісті қолдау - ол парыз. Мысалы Қытайдың автоөндірісі мемлекеттің қолдауымен дамып жатыр, халық салық төлеуде. Экологиялық салық, тағы басқа. Министр Шарлапаевтың айтқан сөзіне сенгің-ақ келеді. Бұрын Отандық автоөндіріс “алып келіп - жинай салу” болса, 2027 жылға таман 50% көлік Қазақстанда жиналатын болады. Биыл көліктің 20% жиналады, ал 2025-2026 жылы 40% жетіп қаламыз депті. Жіп-жалғап, автоөндірісті осылай жөнге салсақ Көршіміз Өзбекстан сияқты жабылып алуға да болмас. Қазақстанның сыртқы саясатындағы позициясы, барлық салаға әсер етеді. Демек біз Утильсборды қолжетімді дәрежеге түсіріп, бірақ толықтай жоймаумыз керек. Тағы бір мысал, АҚШ шетел автокөліктеріне 100% салық орнатқан. Бұл да гегемон елдің позициясы. Демек, біз дамыған мемлекеттердің үлгісін қолдануымыз парыз. Басты міндет - өз ішіміздегі нарықты қорғаумыз керек. Ол жөні түзу елдердің жолы. Өз ойым. Самат Нұртаза, саясаттанушыЗдесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

15.07.2025
19:15
Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа ...

15.07.2025
18:36
Қателік жасауыма жол бермеді – Жұлдыз Әбдікәрім...

15.07.2025
18:34
Ақмола облысында депутат үйін тонатып алды

15.07.2025
17:45
Әнші Айдар Тұрғанбек Смановпен кездескені үшін ...

15.07.2025
17:02
Марғұлан Сейсембай танымал трендті қайталады

15.07.2025
16:57
Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын ...