УТИЛЬСБОР:Дамыған мемлекеттердің үлгісін қолдану парыз
434
Көпшілік Утильсбордың не екенін білмесе, әйтеуір қарсы шығып жатыр. Утильсбордың кемшіліктері бар да шығар, алайда Утильсбор - ол мемлекетке салық. Сондықтан Утильсбордың арзандауын қолдаймын, бірақ толық алып тастауына қарсымын,-деп хабарлайды politico.kz
Зайырлы мемлекетте салық мәдениеті болады, масылдыққа бой алдыруға болмайды деп ойлаймын. Отандық автоөндірісті қолдау - ол парыз. Мысалы Қытайдың автоөндірісі мемлекеттің қолдауымен дамып жатыр, халық салық төлеуде. Экологиялық салық, тағы басқа. Министр Шарлапаевтың айтқан сөзіне сенгің-ақ келеді. Бұрын Отандық автоөндіріс “алып келіп - жинай салу” болса, 2027 жылға таман 50% көлік Қазақстанда жиналатын болады. Биыл көліктің 20% жиналады, ал 2025-2026 жылы 40% жетіп қаламыз депті. Жіп-жалғап, автоөндірісті осылай жөнге салсақ Көршіміз Өзбекстан сияқты жабылып алуға да болмас. Қазақстанның сыртқы саясатындағы позициясы, барлық салаға әсер етеді. Демек біз Утильсборды қолжетімді дәрежеге түсіріп, бірақ толықтай жоймаумыз керек. Тағы бір мысал, АҚШ шетел автокөліктеріне 100% салық орнатқан. Бұл да гегемон елдің позициясы. Демек, біз дамыған мемлекеттердің үлгісін қолдануымыз парыз. Басты міндет - өз ішіміздегі нарықты қорғаумыз керек. Ол жөні түзу елдердің жолы. Өз ойым. Самат Нұртаза, саясаттанушыСоңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...