Волонтер қариялар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жұмысына атсалысып жүр
790
Астанада волонтер ата-әжелер 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып жүр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көшпенділер ойынына тартылған волонтерлер арасында Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының (БҰӨСО) 20-ға жуық ерікті ата-әжелері де бар.
«Күміс еріктілер» клубының әжелері елімізде өтіп жатқан тарихи оқиғаға белсене атсалып, «Ұлы дала дүбірі» көшпенділер ойынының қонақтарын қарсы алу жұмысын ұйымдастырып жүр.
Ерікті ата-әжелер таңғы сағат 10-нан бастап, белгіленген нысандарда ішкі тәртіп жұмыстарын жүргізеді. Этноауылдағы көрермен мен қала қонақтарына ойынның бағдарламасы мен нысандардың орналасуы бойынша анықтамалық көмектер көрсетіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына өз үлестерін қосып жүр.
Ерікті Ләззат Дүйсебайқызы бастаған «Күміс еріктілер» клубы Ресей мен Бразилиядан келген еріктілермен бірлесіп, 36 нысанның аумағында қызмет көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
20:36
29 перзентханада санитарлық талап сақталмаған: ...
09.09.2026
20:06
Көкшетауда 19 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабатта...
09.09.2026
19:10
200 студент шетелде шарасыз қалды: Лос-Анджелес...
09.09.2026
19:10
ҰҚК Шымкенттегі санэпидбақылау басшысын тергеп ...
09.09.2026
18:27
«Өлімші етіп сабап, жүксалғышқа салып әкеткен»:...
09.09.2026
18:15
Ақтөбелік полицей әйелге сот өз күйеуіне жақынд...