Украиналық боксшы финалда Нұрбек Оралбаймен жекпе-жектің қалай өткенін айтты
967
Украиналық боксшы Александр Хижняк Тribuna.com сайтына берген сұқбатында Париж Олимпиадасының финалында 80 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Нұрбек Оралбаймен болған жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлады politico.kz.
Еске сала кетсек, финалдағы бұл жекпе-жекте украиналық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Нұрбек Оралбай күміс жүлде еншілеген еді.
Мен шаршы алаңның бұрышына келіп отырғанымда бас бапкердің не айтқанын естідім. Әкем одан бірінші раундтан кейін есеп қанша болғанын сұрады. Бапкер 3:2 есебімен қазақтың пайдасына шешілгенін айтты. Ал екінші раунд 3:2 есебімен менің еншіме жазылғанын естідім. Әрине мен жекпе-жек тең дәрежеде болғанын сездім. Тек соңғы раундтан кейін жеңгенімді түсіндім, - деді Хижняк.Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасының өзге алты боксшысы жүлде иелене алмады. Айбек Оралбай (92 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) және Cәкен Бибосынов (51 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын. Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 келі) жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Фото: Photo by Xavier Laine/Getty Images
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...