Қытай өзінің рухани досын тапты

0
70

Шығыстағы ұлы көрші Қытай символизмге қатты мән береді. Оларда кез-келген қимыл, белгі мен әріп – символ. Әр сөз бен қимылдың астарына қарайды,-деп хабарлайды politico.kz

Анау, мынау демей, өзімізді алдамай ақ қояйық. ШОС-тың басты дирижері Қытай болған және бола береді. Бірақ Қытай осы символизмде өзіне ұзақ уақыт бойы рухани дос іздеген еді. Және Қасым-Жомарт Тоқаев келгелі Қазақстан Қытайдың рухани серігіне айналды.

Си мырза Қазақстанға келгенде жаны жадырап, демалып қайтады. Қалай өрлеп, өсіп кетсең де, кейде көңілің құлазып, ескі кластасыңды іздеген тәрізді, Си мырза да қазақ даласынан осы эмоцияны іздеген және тапты. Қазақ елі Си жүрегі мен көңілінің тербітілер бесігі екені осындайда қатты сезіледі.

Сезім

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді елорда әуежайына өзі қарсы алды. Мәртебелі қонақты күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Екі елдің мәңілік достығының белгісі ретінде балалар қытай мен қазақ жалауын желбіретіп қошемет көрсетті. Балалар Қытай Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. Ал бүгін «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті. Бұның барлығы Қытай басшысы көрсетілген зор мәртебе, ерекше құрмет деп қабылдау керек.

Бұл сезім. Және ол Си жүрегінде мәңгі қалады.

Байланыс

Қытай үшін Қазақстан Батыс пен Орталық Азия елдеріне шығатын күре жол. Соңғы жылдарда қалыптасқан геосаяси жағдайда «Бір белдеу, бір жол» жобасының сұранысы одан сайын арта түсті. Осы ретте Қазақстанның да рөлі бұл тізбекте оразан болып отыр. Біз Еуразия кіндігінде орналасқан еліміз. Солтүстік пен Оңтүстікті, Батыс пен Шығысты байланыстыра алатын мүмкіндігіміз бар. Мысалы, Қытайдан Еуропаға жасалатын жерүсті транзиттік тасымалдың 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Осы ретте, Қытаймен арада созылып жатқан ортақ шекарасы бар Қазақстан халықаралық маңызға ие көлік-логистикалық торапқа айналуға барынша күш салуда. Көлік-транзит саласының даму үшін соңғы 15 жылда бюджеттен 35 миллиард доллардан астам қаражат бөлінген. Жалпы Қазақстанда 1300 шақырымға жуық жаңа теміржол салынады деген жоспар бар. Сонымен қатар 11 мың шақырым магистралдық желі жаңғыртылмақ. Сондай-ақ, бірқатар шекаралық өткелдері ашу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта тиімді транзиттік трансконтинентальдық дәліздер желісі қалыптасқан. Қазақстан аумағынан 13 халықаралық көлік магистралі өтеді. Оның ішінде 5-і теміржол, 8-і автомобиль жолдары. Кейінгі статистикаға сай Қазақстан мен Қытай елінің шекарасында логистикалық компаниялар саны артып отыр. Мәселен, 2022 жылы сауда логистикасы мен жүк жөнелту саласында небәрі 110 ғана компания жұмыс істеген. Бір жарым жылдың ішінде бұл көрсетіш 4 есеге артып отыр.

Болашақ

Екі елдің көлік байланысы туралы айтқанда Транскаспий халықаралық көлік бағдары да еске түседі. Бұл жол арқылы қазақстандық экспорттаушылар биыл 2 млн тоннаға дейін жүк жөнелтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде мұнай өнімдері, металл өнімдері және көмір бар.Болашақта Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуметі 10 млн тоннаға дейін барады деген жоспар бар. Осындай ел экономикасы үшін пайдалы әріптестік ШЫҰ Астанадағы саммитінен кейін нығая түсіп, бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алады деп сенеміз.

Си мырза ешбір елде үш күн қатарынан болған емес. Тек Қазақстанда ғана үш күнге қалуға шешім қабылдады. Бірінші күні саясат, екінші күні қалған шаруа, үшінші күні шабыт пен сезімге ерік берер ең бақытты сәттер. Сиге бақыт сыйлаған қазақ елі – оның жүрегінде өшпес із қалдырары сөзсіз.

Айбар Олжай, қаржыгер-журналист


ПІКІР ЖАЗУ