Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия: мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

29.04.2024
16:51
0
189
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық бар. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.
Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
«Активтерді қайтару жұмыстары – бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
09:25
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовты...

03.07.2025
09:05
2026 жылы Путин Украинадағы қақтығысты тоқтатуы...

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...