Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін

14.05.2024
07:14
0
192
Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау қаласының маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, алдағы күндері Жайық өзеніндегі су деңгейі ең жоғары шегіне жетуі мүмкін.
Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, бүгін түнде Индер ауданында ескі құбыр арқылы тасқын су елді мекен аумағына кірген.«Атырау облысында су тасқынының қаупі әлі де күрделі күйде қалып тұр. Қазір Жайық өзенімен ағып келетін тасқын судың көп мөлшері Атырау облысының аумағына кірді. Күн сайын Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілу көрсеткіші тіркеліп отыр. Индер және Махамбет ауданында су деңгейі қауіпті шектен асып кетті. Бірақ, өзен жағалауында салынған бөгет елді мекендерді су басу қаупінен қорғап тұр», - деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.
Ал, Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауына 250 шақырымнан астам бөгет тұрғызылған.«Индербор кентінде дер кезінде тасқын суды тоқтатуға қатысты қажетті іс-шара қабылданды. Соның нәтижесінде тасқын су басу қаупі сейілді», - деді Жасұлан Бисембиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Атырау - Орал трассасынан Индерборға бұрылатын 7 шақырым жолды тасқын су шайып кетті.«Қазір Атырау қаласының маңындағы Бесікті, Алмалы, Талғайраң, Ақжар, Ақсай елді мекендері су басу қаупі басым аумақта қалып отыр. Осыған байланысты Жайық өзенінің жағалауында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
21:11
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды

03.07.2025
20:03
Баян Алагөзова мен Динара Сатжан Түркияда қалай...

03.07.2025
17:52
Өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

03.07.2025
17:48
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

03.07.2025
16:49
Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіп...

03.07.2025
16:28
Ұшақ апатынан борттағы бар адам ажал құшты