Жанар Айжанова «Хутор бандысының» басшысы деген Хасанмен түскен суретіне пікір білдірді
1051
Танымал әнші Жанар Айжанова Талғардағы «Хутор» деп аталатын бандының басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне байланысты пікір білдірді.
Әнші Хасан деген адамды, суретке қашан, қай жылы түскенін білмейтінін айтты.
Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап беріп отырмайтын шығармын. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды барып қол-аяғын байлап менің алдыма әкеліңдерші. «Жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын» деп, сұхбат беріп сайрап отыр ғой. Айтатынымды оған да айтамын, – деді әнші.Айта кетейік, әлеуметтік желіде әнші Жанар Айжанова мен Хасан Қасымбаевтың бірге түскен суреті тараған еді. Соған байланысты желі қолданушылары өнер иесіне ауыр сөздер жазған.
Соңғы жаңалықтар
18.04.2026
10:49
Қыз зорлаған блогер ақша төлеп бостандыққа шықты
18.04.2026
09:57
Астанадағы өрт: Үш баласынан айырылған ана есін...
18.04.2026
09:45
Украинада Назарбаевтың ескерткішін алып тастауд...
18.04.2026
08:54
«Осыған дейін қайда болдыңдар?»: Баян Алагөзова...
17.04.2026
23:31
Еліміздің 17 өңірінде тағы да ауа райы күрт өзг...
17.04.2026
22:30
Шымкентте университетте 320 млн теңгеден астам ...