"Әжетханаға 30 миллион теңге, ал үй салуға 25 миллион": министр сынға жауап берді
714
Үкімет отырысы аясында өткен брифингте құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан үйлердің сапасына қатысты пікірін айтты,-деп хабарлайды politico.kz
БАҚ өкілдері құрылыс және өнеркәсіп министрінен су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлерге бөлінген қаржат аз екенін айтты. Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға бөлінген 25 миллион теңгені Абай облысында жол бойына салынған әжетханаға кететін 30 миллион теңгелік шығынмен салыстырды.
"Су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлер еліміздегі құрылыс стандарттарына сәйкес салынып жатыр. Құрылыстың сапасын жергілікті атқарушы органдар бақылап отыр. Ал әжетхана салуға кеткен қаражаттың қанша екеніне қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл сол Көлік министрлігі құзыретінде болуы керек", - деді министр.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
10:20
Шикізат ел игілігіне жұмыс істеуі керек: Қазақс...
21.09.2026
09:33
Құлыбаевпен байланыстырылатын компания «Самұрық...
21.09.2026
09:29
Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен Қ...
21.09.2026
09:11
«Кішкене интрига»: Мөлдір Мұқан жас жігітпен тү...
21.09.2026
09:06
Тоқаев Путинді құттықтады
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады