«Кішкене интрига»: Мөлдір Мұқан жас жігітпен түскен видеосын жариялады
Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жас орындаушы жігітпен бірге түскен бейнежазбасын бөлісіп, тыңдармандарын елең еткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің жазбасынан қос әншінің бірлескен жаңа туынды әзірлеп жатқаны мәлім болды. Ол шығармашылық жаңалығының мән-жайын толық ашпай, оқырмандарына құпия ретінде қалдыруды ұйғарған.
«Біздің шығармашылық одағымыз тағы бір дүние жасап шығарып жатыр… Кейбір адамдар әнді шабыт келгенде жазады. Ал бізге шабыттың өзі пропискаға тұрып алған сияқты. Бізден жақында тағы бір жаңа дүние… Әзірге кішкене интрига қалсын», – деп бөлісті продюсер.
Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, оқырмандар өнерпаздардың ортақ еңбегіне сәттілік тілеп, жарыққа шығатын әннің хитке айналуына ниеттерін білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
11:26
Air Astana ұшағына не болды: Хайнаньда 150-ден ...
05.11.2026
11:10
Алматы метросында не болды? Полиция мән-жайды т...
05.11.2026
10:49
Шымкентте бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғал...
05.11.2026
10:32
Ташкентте жаппай уланған қазақ балалары не жеге...
05.11.2026
10:14
Қазақтың «Китанасы»: «Бүркітке» алғаш рет қыз қ...
05.11.2026
10:04
Мобильді аударымдарға қатысты жаңа ереже күшіне...