Жүк тиеген трак ЛРТ конструкциясына соғылды: елордада үш адам зардап шекті
298
Астанада жүк тиеген трак ЛРТ конструкциясына соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазіргі уақытта зардап шеккен үш адамның жағдайы белгілі болды.
8 тамызға қараған түні жүк тиеген арнайы техниканың жүргізушісі габаритін есептемей, Қабанбай батыр-Ұлы Дала даңғылдарының қиылысындағы LRT құрылымына соғылды.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметі зардап шеккен үш адамды №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді.
«1995 жылы туған қыз бала оң білегінен жарақат алды. Ал 1994 жылы туған ер адам сол аяғының тобығынан жараланды. Сол сияқты 1998 жылы туған ер адам басынан жараланды. Олардың бәрін травматолог пен нейрохирург қарап, амбулаториялық емделуге жіберді, оларға тиісті ұсыныстар берілді», - деп хабарлады басқарма.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...
28.09.2026
15:14
Асхат Тарғын: Сүт алуға да ақша таппай қалған к...
28.09.2026
15:10
«7 ай бойы үндемедік»: Жамбылда қайтыс болған о...
28.09.2026
15:00
«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сі...
28.09.2026
14:23
«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыс...
28.09.2026
14:22
Елден шығарылған әйел 900 мың теңге төлеп, Қаза...