Журналисті сотқа берген Баян Мақсатқызы жеңіп шықты

11.10.2024
18:41
0
628
Журналист Дана Орманбаева Баян Мақсатқызынан екінші рет жеңіліп қалды.
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жабық сот отырысында телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлау (ҚК 131-бабының 2-бөлігі) бойынша айыпталушы Орманбаеваға қатысты қылмыстық ісі қаралды. 2024 жылдың 3 және 6 сәуірінде журналист-блогер Дана Орманбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында продюсер Баян Мақсатқызына қатысты әдепсіз түрде қорлайтын сипаттағы бірқатар жазба жариялаған. Осыған байланысты жәбірленуші ретінде танылған Баян Мақсатқызы жеке айыптау тәртібімен сотқа шағым түсірді. Сотталушының кінәлі әрекеттерді жасауға кінәлі екендігі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен де, сарапшылардың қорытындысымен дәлелденді. Орманбаеваның жазасын жеңілдететін жайт - кішкентай баласының болуы. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ. Жоғарыда көрсетілгенді ескере отырып, сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот Орманбаевадан моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...

02.07.2025
17:55
Гүлзира Айдарбекова: Қайратты 6 мың халық күтіп...

02.07.2025
17:38
Иттер талаған 10 жастағы баланың жағдайы белгіл...