"Түк көрмеген бе?”: Таразда тегін тортқа таласқан әйелдер елді шошытты

22.04.2025 13:39
0
71
видеодан алынған кадр

Желіде Тараздағы супермаркеттердің бірінде тегін таратылған тортқа таласқан әйелдердің видеосы тарады. Торт үшін бір-бірін таптап, итергендердің әрекетін көпшілік сынады. Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. 

Видео кадрларынан ыдыстарын ала жүгіріп, тортты таратып тұрған қыздарды таптай жаздаған әйелдер көрсетілген. Олар “маған да ал” деп бір-біріне айғайлап, итерісіп жатыр. Ал тортты тіліп тұрған қыз олардың арасында қысылып, “ойбай тұра тұрыңдаршы” деп айғайлаған.

Желі қолданушылары әйелдердің бұл қылығын сынап, қызу талқылады. 

“Ұят ай, тегін ештеңе бермеңдерші”, “Соншалықты ашсыңдар ма?”, “Ең оңайы қазақтарды сатып алу”, “Құдды өмірлерінде бірінші рет торт көріп тұрғандай”, “Шетелде тіпті үйсіз адамдарға тамақ берсе, олар кезекте тұрып күтеді”, “Неге олар үшін мен ұялып тұрмын”, “Аштан қырылып өлдіңдер ме?”, “Жабайылық”, – деп жазды көпшілік. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий