Павлодар тұрғынының 17 жыл бұрын студент қызға жасаған сұмдығы әшкереленді

Павлодар тұрғынының 17 жыл бұрын студент қызға жасаған сұмдығы әшкереленді
21.04.2025 11:05
0
102
Фото: freepik.com

Павлодар облысында 17 жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмыс әшкере болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Іс материалдарына сүйенсек, қылмыс 2008 жылы Ақсу қаласында болған. Бірнеше жас жігіт бір күн бойы алкоголь ішіп, кешке қарай пәтерде жиналған. Көшеде олар колледж студенті, кәмелет жасына толмаған қызды жолықтырып, өздерімен бірге үйге ертіп әкелген. Біраз уақыттан соң ер адамдардың бірі қызды бөлмеге күштеп апарып, зорлаған. Оқиға куәгерлері оны қыздан ажыратып, асүйге алып кеткен.

Судья Құдабай Сұлтановтың айтуынша, күдікті өз таныстарына қыздың полицияға шағымдануынан қорқып, оны өлтіру керек деген ұсыныс айтқан. Оның бұл сөзі басқаларға да нақты түсінікті болған.

Күдікті өзгелерді қызды орманды алқапқа алып кетуге көндірген. Сол жерде жәбірленуші тұншықтырылып өлтіріліп, денесі далаға көмілген. 2009 жылы бұл іске қатысты бірқатар күдікті жауапқа тартылып, сотталған. Ал негізгі айыпталушы елден қашып кеткен.

2023 жылы ол Ресейдің Краснодар өлкесінде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Осыдан кейін іс қайта жанданып, сотқа жолданды.

Соттың шешімімен ол Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий