"Қанымды ішті". Қалдыбек Құрманәлі өз қызы туралы сұмдық пікір айтты

23.04.2025 10:08
0
293
stan.kz

Танымал адвокат Ләззат Ахатова Әнару Құрманәлі туралы тағы да тың дерек жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы оның әкесі Қалдыбек Құрманәлі адвокатқа қызы туралы айтып берген. 

Композитордың айтуынша, қызы Әнару  жүйкесін әбден тоздырған көрінеді.

“Мен кеше қызыммен қырылып қалдым. Әбден қанымды ішті. Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Сөйтіп ауырып қалдым. Жаңа ғана басымды көтердім. Мен бұл қызға не істерімді де білмеймін. Бұл ауру емес. Кішкентайынан мінезі сондай. Айтқаны болмаса терезеден секіремін, үйден кетіп қаламын деп шешесінің жүйкесін тоздырған. Мынау шешесінің момындығын біліп алып, білгенін істеген. Кім жылы сөйлесе, алдымен соған еркелеп, соңынан есіре бастайды. Менің екі қарындасым да, туған ағамыздың қызы деп талай мәрте еркелігіне көнген болатын. Қазір араласпайды. Сенің де адам аяғыш, балажан екеніңді біліп алып, мазалап жатыр”, – деп жазған композитор. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий