17 жыл құлдықта болған апалы-сіңілі қыздар адам танымастай өзгерген
837
Түркістан облысында құлдықта болған апалы-сіңілі қыздардың қазіргі жағдайын журналист Руслан Өтепбай көрсетті.
Құлдықтан енді шыққан кезде қыздар жалтақ еді. Қазір олар адам танымастай өзгерген.
«Екеуі әдеміленіп кетіпті. Сыныптас қыздарына көп рақмет. Ол қыздар болмағанда әлі де мал бағып жүрер еді, жеңгесіне де керегі сол еді. Русланға алғыс айтамыз. Жетімдерді жылатпауымыз керек. Сұлу болып кеткен қыздар», - деп жазды желідегі оқырман.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы Есік Шілік ауылында тұратын, 17 жыл ішінде жұпыны тірлік кешкен Назгүл бен Құндыз есімді екі қыздың жағдайына алаңдаған сыныптастары халықтан көмек сұраған еді.
Белгілі болғандай, қыздардың бірінің жасы 32-де, екіншісінің жасы 27-де. Оларға немере ағасы Cәулебек Әбілдаев былтырдан бері ресми түрде қамқоршы болған. Оның сөзінше, қыздарда анықталған туберкулез балаларына жұға ма деген қорқыныштан оларды оқшаулаған. Бөлек үйде тұрғызып, мал бақтырған.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...
13.09.2026
11:17
«Бүкіл Қазақстан сізбен мақтанады»: Тоқаев Елен...
13.09.2026
10:14
Астанада әйел мен бала қаза тапты: Оқиғаға қаты...