Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды

13.09.2026 13:15 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
346
Фото: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні Үндістанда бейресми түрде әңгімелесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Кездесу БРИКС саммиті аясында өткен мемлекет басшылары мен делегация жетекшілеріне арналған салтанатты қабылдаудан кейін ұйымдастырылған.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өзінің Үндістандағы резиденциясына шақырып, бейресми жағдайда әңгімелесуді ұсынған.

Бұл ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растады.

«Иә, ондай идея туындады. Президент Тоқаевты жай ғана бейресми түрде сөйлесуге шақырды», – деді Песков.

Айта кетейік, БРИКС саммиті 12-13 қыркүйек күндері Нью-Делиде өтіп жатыр. Жиынға бірлестікке мүше елдердің басшыларымен қатар, серіктес мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан астанасына саммит қарсаңында барған. Оны әуежайда Үндістан үкіметінің өкілдері қарсы алды. Ал Қазақстан делегациясын ұлттық билер мен құрмет қарауылының қатысуымен арнайы салтанатты рәсім күтіп тұрды.

Войдите, чтобы оставить комментарий