Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

0
95
Франция президенті Эммануэль Макрон 26 тамызда Telegram және «ВКонтакте» мессенджерлерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Дуровтың «жүргізіліп жатқан сот алды тергеу амалдары» аясында ұсталғанын мәлімдеді.

Франция территориясында Telegram-ның негізін қалаушы тұлғаның қамауға алынуы бүгіндері жүргізіліп жатқан соталды тергеу аясында болды. Бұл – ешқандай да саяси шешім емес. Бұл мәселеге қатысты шешімді судьялар қабылдауы керек, – деп жазды Макрон Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

2024 жылы 24 тамызда Павел Дуров Францияда Ле Бурже әуежайында ұсталды. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз азаматтығына ие Дуров елде іздеуде жүрген адамдардың тізімінде болған.
Фото: Sputnik/Сергей Гунеев


ПІКІР ЖАЗУ