Бірнеше өңірде мектептерде 1 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған

26.08.2024
21:18
0
232
Бірнеше айдың ішінде 36 білім беру ұйымында 1 млрд теңгеден астам сомаға ұрлық жасау фактілері анықталған, деп хабарлайды Politico.kz.
Қаржы министрлігі ақша ұрлаудың көп тараған әдісін атады: қосарлы (екі түрлі) есепке алу мен еңбекақыны асыра бағалау.
№48 Ақтөбе орта мектебінің құжаттарында есепшінің жалақысы жылына 700 мың теңгеден сәл артық болғаны жазылса, іс жүзінде оның картадағы шотына ай сайын шамамен 3-5 млн теңгеге дейін аударылып келген, – делінген хабарламада.Екінші кең таралған алаяқтық – жалған қызметкерлерге ақша аудару. Құжаттар бойынша жалақы бірқатар адамға жіберіледі. Ал шындығында оны басқа тұлғалар кәдеге жаратып отырған.
Қарағандының №33 балабақша кешен-мектебінде ондаған қызметкерге қаражат аударылғанымен, тиісті ақшаны екі есепші карталарына аударту арқылы иемденіп келген. Келтірілген шығын мөлшері – 207,4 млн теңге, – делінген хабарламада.Үшінші заңсыз амал – бюджет қаражатын әдеттен тыс жоғары мөлшердегі сомамен аудартуды қайталау.
Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі 2023 жылы айына 3 реттен артық жалақы алып отырғаны әшкере болды. Бұдан келген шығын көлемі – 69 млн теңге, – делінген ақпаратта.Министрлік мемлекеттен бөлінетін қаражатты басқару саласындағы ашықтық пен айқындылықты арттыру, сондай-ақ аудитті күшейту, қаржылық есептіліктің неғұрлым қатаң және тиімді жүйелерін енгізу мемлекеттік бағдарламаларды жақсартып, әлеуметтік салаға арналған инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Фото: egemen.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

05.07.2025
13:37
Тоқаевтан кейін кім келеді: Келесі президентке ...

05.07.2025
13:07
"Бұрын да сандырақтайтын". Төрт баласын суға ағ...

05.07.2025
11:03
Желіде Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған вид...

05.07.2025
10:13
"Анама дұрыс тамақ бермеді". Ер адам келінін ат...

05.07.2025
09:39
Оңтүстіктің қыздары күйеуге үй қызметшісі болу ...

04.07.2025
23:29
"Бумеранг міндетті түрде қайтып келеді": Әсет М...