Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
859
Франция президенті Эммануэль Макрон 26 тамызда Telegram және "ВКонтакте" мессенджерлерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Дуровтың "жүргізіліп жатқан сот алды тергеу амалдары" аясында ұсталғанын мәлімдеді.
Франция территориясында Telegram-ның негізін қалаушы тұлғаның қамауға алынуы бүгіндері жүргізіліп жатқан соталды тергеу аясында болды. Бұл - ешқандай да саяси шешім емес. Бұл мәселеге қатысты шешімді судьялар қабылдауы керек, - деп жазды Макрон Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
2024 жылы 24 тамызда Павел Дуров Францияда Ле Бурже әуежайында ұсталды. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз азаматтығына ие Дуров елде іздеуде жүрген адамдардың тізімінде болған.
Фото: Sputnik/Сергей Гунеев
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...