Жарым түнде әйелін сүйрелеген ер адам Арман Шораев болып шықты

0
70

Қоғам белсендісі Арман Шораев азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соқты деген күдікке ілінді,-деп хабарлайды politico.kz

Күні кеше әлеуметтік желілерде бәз біреудің әйелін соққыға жыққан видеосы тараған болатын. Журналист Михаил Козачков бейнежазбадағы ер адамның Арман Шораев екенін мәлімдеді.

Бүгін Астана қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша А.Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті экспертизалар тағайындалды

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Шораевтың өзі Facebook желісінде «жасанды интеллекттің құрбаны болғанын» және журналистке қарсы арыз түсіретінін хабарлады.

«Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар үшін Козачковка ақша төленеді», – дейді ол.


ПІКІР ЖАЗУ