Желіде Тоқаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады
704
Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтын ер адамның видеосы тарап, ел назарын аударды. Желі қолданушылары ер-азаматтың президентпен өзара ұқсастығына тәнті болған, деп хабарлады politico.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Аталған видео Instagram желісінде пайда болған. Бейнежазбада тойда ортаға билеп шыққан ер адамның асабаны қатты таңғалдырғанын байқауға болады. Той жүргізушісі оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтынын бірден айтты.
Кейін оның есімі Ерғали екені белгілі болды. Желі қолданушылары да ер адам мен мемлекет басшысының өзара ұқсастығын жарыса жазып жатыр.
«Расымен ұқсайды екен», «Айнымайды ғой», «Туысы шығар», «Мәссаған, қандай ұқсастық?!», «Таңғалып тұрмын. Бір қарағанда сол кісі секілді», «Айнымаған президент», «Не деген ұқсастық десеңші», «Досаевқа да келетін тұстары бар екен», «Қасым-Жомарт Досаев», «Қатты ұқсайды», - деп жазуда көпшілік.
Фото: Instagram/sko_revizor
Соңғы жаңалықтар
30.03.2026
17:38
"Басы жұлынып кетті": Қызылордада жол апатынан ...
30.03.2026
17:25
Алматыда танымал қазақстандық әншінің жалғыз ұл...
30.03.2026
16:26
«Қазақстандықтардың зейнетақысынан 20 пайыз ұст...
30.03.2026
15:59
Қазақстанда әр азаматқа 300 мың теңге төлеу ұсы...
30.03.2026
15:29
Атырауда ұлының арызынан кейін қамауда отырған ...
30.03.2026
15:05
"Айтатын жаңалық көп": Көптен бері көрінбеген Д...