Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалды
318
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Желіде өнер иесінің үстінен іс қозғалды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл деректі Көліктегі полиция департаменті растады,-деп хабарлайды politico.kz
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қазақстандық эстрада жұлдызы ұшақта бұзақылық жасаған. "Алматы-Астана" әуе рейсінің бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдар сотқа қарау үшін жіберілді", - деп түсіндірді департаменттегілер. Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы бойынша денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.Соңғы жаңалықтар
22.08.2026
17:14
Алматыдағы MEGA-да өрт шықты: Адамдарды эва...
22.08.2026
16:21
Мүгедек балаларға жиналған ақшаны ұрлаған ер ад...
22.08.2026
15:27
«Келінді керіліп тұрып жұмсайық»: Тойдағы әжейд...
22.08.2026
14:18
«Жалғыз қызым еді»: Абай облысында қаза тапқан ...
22.08.2026
13:49
Бектенов үкіметінің батыл шешімдері өз жемісін ...
22.08.2026
13:22
Алакөлде жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамның д...