"Әкімдіктер қайда": Олжас Бектенов жол сапасына шүйілікті

09.07.2024
12:25
0
193
Олжас Бектенов әкімдіктерге жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды,-деп хабарлайды politico.kz
Үкіметтің Telegram-дағы арнасына жарияланған ақпаратқа сүйенсек, автожол саласын дамыту мәселесі қаралған үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар негізінен жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйіне шағымданатынына тоқталды."Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғындары Жұрын мен Қаракөл ауылдарының арасында биыл төселген асфальттың сапасын көрсетті –жаңадан төселген асфальт қолмен үгітіліп жатыр. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компанияны өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Әкімдіктер қайда, неліктен күнделікті сапалы бақылау жүргізілмей жатыр? Бірінші кезекте тұрғындардың шағымдарына дереу жауап беру керек", - деп атап өтті премьер-министр.Бұған қоса ол биыл елімізде бірқатар ірі жоба аяқталатынын баса айтты. Олардың қатарында "Қарағанды – Алматы", "Ақтөбе – Қандыағаш", "Атырау – Астрахань" және "Талдықорған – Өскемен" тасжолдары бар. Сондай-ақ шамамен 2,5 мың км болатын республикалық жолдарда жөндеу жұмыстары қолға алынды.
"Іске асырылып жатқан жобалардан басқа, жаңаларын уақтылы жобалау мен дайындауды қамтамасыз ету қажет. Бірінші кезекте, жер учаскелерін алдын ала резервке қою керек. Жобалардың іске асырылуы алдымен осыған байланысты. Келесі өзекті мәселенің бірі – қаржыландыру. Кейбір өңірлерде жалпы сипаттағы трансферттерді игеру қарқыны төмен. Мысалы, мұндай проблемалар Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарында бар", - деді Олжас Бектенов.Үкімет басшысы құрылыс маусымы қысқа деп сипатталатын солтүстік және шығыс өңірлерде ерекше маңызды жобаларды іске асыру мерзімдерінің мүлтіксіз сақталуы мәселесін көтерді. Осыған байланысты қойылған міндеттерге қысқа мерзімде қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

14.07.2025
20:29
Сара Тоқтамысова неге өнер көрсетпейтінін айтты

14.07.2025
19:20
Мөлдір Мұқанова: Қайрат Нұртастың қызы – менің ...

14.07.2025
17:22
Нұрлан Еспанов келінінен ұялып жүргенін айтты

14.07.2025
16:58
«Кешірші жан»: Ерке Есмахан күйеуінің ел білмей...

14.07.2025
16:55
«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ...

14.07.2025
16:09
Балалар үйінен шыққан әйел 2 ұлын киім үшін сат...