Алдағы бес жылда Еуропа Одағын кім басқарады

0
30

17 маусымда Брюссельде Еуропа Одағын алдағы бес жылда кім басқаратыны туралы келіссөз басталды,-деп хабарлайды politico.kz

Кездесуге қатысушылар Еурокомиссия басшысын, Еуропалық кеңес төрағасын және ЕО сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы комиссарын сайлау мәселелеріін шешуге тиіс.

ЕО мемлекеттері мен үкімет басшылары қазіргі жағдайды ескеріп, географиялық, гендерлік және партиялық тепе-теңдікті сақтауы керек.

Еурокомиссия басшысы лауазымына нақты фаворит — оның қазіргі төрайымы Урсула фон дер Ляйен. Дегенмен, Италияның Марио Драги мен Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис те нағыз үміткер ретінде аталды.

Сарапшылардың пікірінше, Фон дер Ляйен басқаратын Еуропа халықтық партиясының Еуропарламент сайлауындағы жеңісі және оның жұмыс тұрақтылығы осы сайлауда алға шығуына септігін тигізе алады.

«Еуропалық кеңес институционалды өзгерістерді енгізуге өте ынталы болады. Процесті тез аяқтау үшін. Өйткені біз өте аумалы-төкпелі заманда, аласапыран геосаяси уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бұл біріншіден. Бізді Трамптың тағы бір президенттігі күтіп тұр. Сондықтан менің ойымша, ЕО көшбасшылары жаңа күн тәртібі бар жаңа комиссияның мүмкіндігінше тезірек құрылуына мүдделі», — дейді Еуропалық саясатты зерттеу орталығының сарапшысы София Руссак.

Еуропа кеңесінде мүмкіндіктер неғұрлым ашық, дегенмен барлық белгілер оны социал-демократтар өкілі басқаратынын көрсетеді.

Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына ең ықтимал үміткерлер — Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Кошта мен Дания үкіметінің басшысы Метте Фредериксен.

Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілінің қызметіне келетін болсақ, сұрақтар көбірек.

Бірақ, негізінен, бұл лауазымға либерал өтуі тиіс.

Мұндағы үміткерлер — Эстония премьер-министрі Кая Каллас, Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский және Бельгияның премьер-министрінің міндетін атқарушы Александр де Кроо болуы мүмкін.


ПІКІР ЖАЗУ