Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Мәскеуді басып озды

30.05.2024
08:25
0
225
Оксфорд Экономикс аналитикалық компаниясы әлемдегі ең ірі 1000 қаланың жаһандық индексін жариялады. Бүгінде әлем халқының 30 пайызы, сондай-ақ әлемдік экономиканың 60 пайызға жуығы ірі қалаларға тиесілі.
Жаһандық рейтинг бойынша, көшбасында:
- Нью-Йорк (АҚШ)
- Лондон
- Сан-Хосе (АҚШ)
- Токио
- Париж
- Сиэтл (АҚШ)
- Лос-Анджелес (АҚШ)
- Сан-Франциско (АҚШ)
- Мельбурн (Австралия)
- Цюрих (Швейцария) тұр.
Сарапшылар атап өткендей, жаһандық қала индексі оған Қазақстанның 3 мегаполисі: Алматы, Астана және Шымкент кіретіндігімен ерекшеленеді.
Алматы мен Астана, Оксфорд Экономикс сарапшыларының бағалауы бойынша, үздік 300 қаланың қатарына еніп, 305-орында тұрған Ресей астанасы Мәскеудің алдына шықты.
Индекстерді есептеуде барлығы 27 көрсеткіш қолданылады. Мысалы, ауа тазалығы, температура, жауын-шашын ауытқулары, экология жағдайы, табиғи апаттар сынды критерилермен анықталады. Адами капитал келесі көрсеткіштерден қалыптасады: білім деңгейі, халықтың өсімі, университеттер, халықтың жас ерекшеліктері, компанияның штаб-пәтері, шетелде туған халық.«Мысалы, Алматы адам капиталы бойынша 55-ші орында болса, Мәскеу 115-ші орында. Сонымен қатар, Оксфорд Экономикс мамандарының бағалауынша, Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Ресей астанасын басып озды», - деп атап өтті Экономикалық зерттеулер институты.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

10.07.2025
20:24
Алтынай Жорабаеваның іс-әрекеті көпшілікке жақп...

10.07.2025
19:33
Қайрат Нұртастың әкесі ұлын көріп жылады

10.07.2025
18:52
Тоқаев сынынан кейін Көшербаев пен Мырзабосынов...

10.07.2025
18:09
Қарақат Әбілдина кітап шығарды

10.07.2025
18:07
Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқар...

10.07.2025
17:00
8 метрлік питон фермерді тірідей жұтып қойды