Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Мәскеуді басып озды
671
Оксфорд Экономикс аналитикалық компаниясы әлемдегі ең ірі 1000 қаланың жаһандық индексін жариялады. Бүгінде әлем халқының 30 пайызы, сондай-ақ әлемдік экономиканың 60 пайызға жуығы ірі қалаларға тиесілі.
Жаһандық рейтинг бойынша, көшбасында:
- Нью-Йорк (АҚШ)
- Лондон
- Сан-Хосе (АҚШ)
- Токио
- Париж
- Сиэтл (АҚШ)
- Лос-Анджелес (АҚШ)
- Сан-Франциско (АҚШ)
- Мельбурн (Австралия)
- Цюрих (Швейцария) тұр.
Сарапшылар атап өткендей, жаһандық қала индексі оған Қазақстанның 3 мегаполисі: Алматы, Астана және Шымкент кіретіндігімен ерекшеленеді.
Алматы мен Астана, Оксфорд Экономикс сарапшыларының бағалауы бойынша, үздік 300 қаланың қатарына еніп, 305-орында тұрған Ресей астанасы Мәскеудің алдына шықты.
Индекстерді есептеуде барлығы 27 көрсеткіш қолданылады. Мысалы, ауа тазалығы, температура, жауын-шашын ауытқулары, экология жағдайы, табиғи апаттар сынды критерилермен анықталады. Адами капитал келесі көрсеткіштерден қалыптасады: білім деңгейі, халықтың өсімі, университеттер, халықтың жас ерекшеліктері, компанияның штаб-пәтері, шетелде туған халық.«Мысалы, Алматы адам капиталы бойынша 55-ші орында болса, Мәскеу 115-ші орында. Сонымен қатар, Оксфорд Экономикс мамандарының бағалауынша, Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Ресей астанасын басып озды», - деп атап өтті Экономикалық зерттеулер институты.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
23:17
Жантүршігерлік апат: Жолаушылар ұшағы тас жолға...
17.06.2026
22:01
«Қарақұрт қаптап кетті»: Маңғыстауда улы жәндік...
17.06.2026
20:57
Дастан Сәтпаев «Қайратпен» қоштасты
17.06.2026
20:32
Шымкентте көші-қон полициясының басшысы ұсталды...
17.06.2026
19:58
Қазақстанда БҰҰ-ның жаңа орталығы ашылады
17.06.2026
19:20
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкерге айыппұл...