Алматыда мәйіттерге жыныстық қатынас жасаған күзетші сотталмайтын болды
661
Алматы қаласының прокуратурасы некрофилияға күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына түсінік берді.
Еске сала кетсек, Алматыда мәйіттермен жыныстық қатынасқа түскен күзетші биыл сәуір айының соңында ұсталған болатын. Бірнеше күннен кейін Әділет министрлігі жағдайға түсінік беріп, күдіктінің сот-сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілі күзетшінің 2022-2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты.
Алматы қаласының прокуратурасы 24 сәуірде «Мәйіттерді қорлау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы шығып, тергеу тоқтатылып отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.
Фото: otvet.mail.ru
Соңғы жаңалықтар
02.04.2026
23:27
Түркістан облысында тағы бір бүлдіршін жоғалып ...
02.04.2026
22:43
«Қатемді қайталамаңыздар»: Рэпер Qarakesek қоқы...
02.04.2026
21:30
«Дәрігермін» деп алдайды: Денсаулық сақтау мини...
02.04.2026
20:22
Астанада Tesla тізгінінде қашпақ болған 14 жаст...
02.04.2026
19:21
«Тыныш жүре алмай қалдық»: Алматылықтарға жасөс...
02.04.2026
18:30
Қазақстанда жекеменшік мектептерге қаржыландыру...