Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еуропа және әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға»

29.09.2026 • 22:03 Қанат АЙБАР
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еуропа және әлем үшін ең қолайлы саяси тұлға»
107
Фото: Aqorda

Берлинде Германия Канцлері Фридрих Мерцпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге қатысты пікір білдіріп, оның халықаралық саясаттағы орнына баға берді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Sputnik Казахстан телеграм арнасына сілтеп.

Мемлекет басшысы РФ Президентімен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, оның Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұстанымына түсіністікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.

— Менің Президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Мен оны көрнекті мемлекет қайраткері деп санаймын, — деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Владимир Путиннің аймақтық және жаһандық саясаттағы маңызына ерекше тоқталды:

— Бүгін мен Президент Путиннің мемлекет қайраткері, Ресей басшысы ретінде, сіздер үшін қаншалықты таңғаларлық естілсе де, Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия үшін де, Еуропа мен бүкіл әлем үшін де ең қолайлы саяси тұлға екенін жеткілікті түрде сеніммен айттым.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей лидерін ұзақ уақыттан бері жақсы танитынын және оның бойында ірі державаны басқаруға қажетті барлық қасиеттер бар екенін алға тартты.

— Мен оны өте жақсы білемін. Ол үлкен мемлекеттің басшысына ең қажетті қасиеттердің барлығына ие, — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий