Алтынай Жорабаева оқырмандарынан сүйінші сұрады
974
Танымал жұлдыз Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында үлкен қызының оқуға түскенін айтты.
Әнші Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы Аяулым Қытайдағы Бейжің университетінің грантын ұтып алды. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірген. Сол аралықта жұмыс істеп әрі шет тілдерін меңгеріп жүрді.
"Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап: “ Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың ! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсейші. Мысалыға біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой", - депті. Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз.Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!", - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында
Соңғы жаңалықтар
26.03.2026
22:59
Қарағандыда әйел мен 12 жасар қызы өлі табылды
26.03.2026
22:08
Жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полици...
26.03.2026
21:24
Ақтаудағы жаппай төбелеске мемлекеттік қызметке...
26.03.2026
20:28
Алматыдағы жол апаты: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады
26.03.2026
19:21
Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші балуанға ...
26.03.2026
18:18
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем аударылды