Әнару Қалдыбектің әкесі қызын құтқарып қалу үшін жанын салуда
0
262
Кейде біз өмірдегі бір сәттік оқиғалаларға қарап баға беріп жатамыз. Бірақ сол сәттегі жағдайға қандай себеп болды? Оның астарында не жатыр? Ойланбайды да екенбіз. Бүгін Әнарумен бірнеше мәрте сөйлестім. Сонда түсінгенім қазір Әнарудың жанында балапанын қызғыш құстай қорғап, шыр-шыр етіп әкесі жүр. Әкесінің жанында жүргенін естіп, қатты қуандым. Тіпті осындай қиын шақта Әнарудың жанында әкесі болмаса, көзінің жасын сүртпесе, еркелетіп құшағына баспаса, терең күйзелістен құрбылары болып, біз шығара алмас едік…
“Әкем әншілік өнеріме көмектеспейтін болды” деген Әнарудың сол кездегі өкінішін мен де, Әнару да жастықтан ба, түсінбеген секілдіміз. Себебі әкесі “Қызым әнші болса, өмірдің бұралаң жолдарына түсіп кетуі мүмкін. Оданша оқуын оқысын, ғылым, білім қусын” деген жамандықтан сақтағаны әрі қамқорлығы екен.
Иә, әкесі қанша жерден қызына қырық үйден тыйып, қамқорлық көрсетсе де, Жанқош деген үйіріліп соққан құйынды дауыл қатерлі жолдарға бастаған.
Менің түсінгенім, бұл батпақтан Әнаруды ең бірінші суырып алып шығатын әкесі. Құрбылары болып, біз де Қалдыбек Құрманәлі мырзаға үміт артып отырмыз.
Құрметті достар, провакациялық видеоларға сеніп қалмай, қазақ қызының ар-намысын қорғауға үлестеріңізді қосыңыздар! Біздің бүгінгі үнсіздігіміз - ертең жақынымызға зиянын тигізуі әбден мүмкін.
Ақгүл Айдарбекова
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
14.12.2025
18:59
Елорданы қылмыс ордасына теңеген депутат халықт...
14.12.2025
18:13
2026 жылы айлық өседі: Кімнің және қанша?
14.12.2025
17:56
Роза Рымбаеваның бұрын жарияланбаған суреттері ...
14.12.2025
16:07
Жаңа жылды тойламау керек – Нұрлан имам жауап б...
14.12.2025
14:10
Индира Елемес 67 миллион теңгелік дау туралы ал...
14.12.2025
12:48
"Мен жайында ән": Димаш Құдайберген соңғы конце...